МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ КӨТЕРДІ

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты түрде жүргізілуде. Бірнеше жылдан бері әр сенбі сайын үздңксңз өткізілдіп келе жатқан тазалық сенбіліктерінде миллиондаған тонна қоқыстар шығарылып елдің барлық өңірдлері тазаланып жатыр. Оған қоса қазақстандықтардың экомәдениеті қалыптасып келеді. Адамдар бүгінде тазалық дегеннің қоқыстарды тазалау емес айналаға қоқыстарды тастамау екенін түсіне бастады. Соның арқасында Түркістан облысында да көптеген өңірлерде таза аймақтар, қоршаған ортаны күтіп ұстау, үй айналалары мен аулаларды, көшелер мен ауылдарды үнемі таза ұстау әдеті қалыптасуда.
Тағы бір қуанарлық жағдай жасөспірімдер де өз шама-шарқына қарай тазалық акцияларына қатынасып, тазалыққа өз үлестерін қосуда. Сонымен бірге жасөспірімдердің бойында жастайынан экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы іс-шаралар да жүргізіліп келеді. Ол үшін арнаулы бағдарламалар аясында жоспарлы жұмыстар ұйымдастырылуда.
Бағдарлама аясында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты 7 орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің ұйымдастыруымен экологиялық іс-шара өтті. Атап айтқанда, Бәйдібек, Отырар, Созақ, Шардара және Қазығұрт аудандары мен Түркістан қаласындағы барлығы 23 жалпы орта мектепте ұйымдастырылды. Аталған шараға мектеп мұғалімдері, туризм бөлімінің мамандары, орман молайту инженерлері және 600-ден аса оқушы қатысты.
Орман шаруашылығы жұмыстарын таныстыру мақсатында өткен шарада оқушылар 3410 контейнерге жай арша мен боз арша тұқымдарын отырғызды. Мамандардың айтуынша, әр орман шаруашылығы мекемесімен кемінде 3 мектепте контейнерлерге 200 түп тұқым себу арқылы көшет өсіру ұсынысы берілген. Бұл іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларын қоршаған ортаны ластамауға, табиғатты аялап, қорғауға үгіттеу.
Жас ұрпақты жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу жұмыстары тек экологиялық мәдениет қалыптастырумен, қоршаған ортаны құрметтеу мен қорғауға ғана тірелмейді. Жасөспірімдердің болашақта мемлекетшіл, отаншыл, ел болашағын ойлайтын жан-жақты дамыған азаматтар болып өсуі үшін балаларды жаман әждеттерден жирентіп, қылмысқа апаратын жолға түсіп кетпеуін қамтамасыз ету қажет. Ол үшін Түркістан облысында құқық қорғау, білім беру, денсаулық ұйымдары мен қоғамдық ұйымдар бірлесе отырып жасөспірімдердің тәлімді тәрбиесіне қатысты көптеген іс-шараларды ұйымдастыруда. Облыс аумағында ғасыр індетіне айналған есірткі мен нашақорлық сияқты қоғамдағы ауыр дертке қарсы жастар мен жасөспірімдер арасындағы акциялар мен түсіндіру жұмыстары жоспарлы түрде үздіксіз жалғасуда.
Мақтаарал ауданының прокуратурасымен Бас прокуратураның тапсырмасы негізінде бастау алған «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өз жалғасын табуда. Акция аясында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар жүргізілуде.
Атап айтқанда, прокуратура ҰҚҚ, полиция, акимат, коммуналдық қызметпен біріге отырып, есірткі жарнамасына қарсы іс-әрекет және есірткі лабораториясын анықтау мақсатында күмән келтіретін тұрғын үй-жайлар мен басқа да объектілерді аралау арқылы рейдтік іс-шара өткізді.
Бұл іс-шараға жалпы саны – 80 қызметкер жұмылдырылды.
Жұмыс нәтижесімен аудан аумағында есірткі лабораториялары анықталмады, дегенмен тиісті түрде бірқатар калиграфиялық жазуларды жою шаралары қабылданды. Һйткені бүгінде есірткі таратып, жас ұрпақтың тағдырын тәлкекке салатында көптеген жолдарды пайдалана отырып, қалайда жас ұрпақты нашақорлыққа үйретуге, сол арқылы өздерінің жауыздық қылмыстық әрекеттерін жалғастыруға күш салуда. Бұл мәселеде ересектермен қатар мектеп, колледж оқушыларын да осындай лас іске тартуға жол беруге болмайды. Сол үшін де аталған бағыттарда аудан прокуратурасымен жұмыстар жалғаса беретін болады.