Қоғам қауіпсіздігі — ел тыныштығы

0
196

Түркістан – болашағы зор, заманауи, жаңа қала. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткен табыстарының бірі де – жаңа Түркістан. Жалпы, соңғы үш жылда шахарда 536 жоба іс­ке асып, оның 251-і пайдалануға тап­­­сырыл­ған. Халықты баспанамен қамтамасыз ету ең басты қажеттіліктің бірі десек, Түркістан қаласында 4 жылда жалпы 337 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жа­тыр. Яғни, тұ­тас­тай жаңа қала салынды деуге болады. Санақ нәтижесі бойынша халық саны 56 356 адамға өсіп, 221 102 тұрғынды құрады. Тиісінше, әлеуеті артқан қаладағы қоғамның қауіпсіздігі де басты назарда болуы тиіс. Бұл бағытта 2020 жылдың мамыр айында Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа ғимараты бой көтеріп , 2021 жылдың 15 қазанында Құтқарушы күні қарсаңында маңызды нысан пайдалануға берілді.

Спикер. Бақытжан Запаров — Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары Сондай-ақ Түркістанда жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды. Өрт сөндіру бөлімі Түркістан қаласының аумағына кіретін Яссы, Отырар, Шауғар, Бірлік, Бекзат шағын аудандарының 50 мыңға жуық тұрғындарына қызмет көрсетіп келеді. 4 автомобильге арналған өрт сөндіру бөлімі қызыл жалынды ауыздықтау және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы техникамен жасақталды. Сондай-ақ Басқарманың және Түркістан қаласындағы №1, 39 МӨСБ-нің материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында жергілікті атқарушы органдардың бюджеті есебінен 2-дана механикалық қысқыш және 8-дана мотопомпа алынған.

Спикер. Дәурен Таубаев — Түркістан облысы ТЖД “ӨСжАҚЖҚ” ММ бастығы Жыл басынан жалпы №1 МӨСБ кезекші диспетчерлік пунктіне 345 хабарламалар тіркелген. Оның ішінде, 44-өрт оқиғасы, ал заңды шешім қабылдау үшін 13 өрт оқиғасы жолданған. Жалпы өрттен 136 млн 780 мың теңгеге материалдық шығын келіп, 445 млн теңгенің материалдық құндылықтары құтқарылған. 2022 жылдың 9 айында облыс орталығында өрт оқиғасы салдарынан қайтыс болғандар немесе жарақат алғандар жоқ. Спикер. Нұрболат Кенжебаев- Түркістан қаласы #39 МӨСБ бастығы 2022 жылдың 9-айында Басқармаға ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 3 – Алқа қаулысы келіп түскен, Төтенше жағдайлар министрінің төрағалығымен өткен 16 аппараттық кеңес шешімдері және Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшылығынан 19 жедел кеңес, 23 аппараттық кеңес хаттамалық тапсырмалары берілген. Хаттамалық тапсырмаларды мерзімінде орындау үшін іс-шара жоспарлары жасалып, қатаң бақылауға алынып, мерзімінде мәліметтер мен ақпараттар жолданған.

Спикер. Асқар Сейсенов — Түркістан қаласы ТЖБ бастығы Түркістан қаласында жоғары тәуекел дәрежесіне жататын — 474, жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайтын — 1291, барлығы – 1765 нысандар тіркелген. Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының 2 ші жартыжылдық жоспар кестесіне сәйкес өрт-техникалық тексеріс жұмыстарын жүргізуге 196-нысан жоспарланған. Қазіргі таңда ағымдағы жылдың 9 айлық қорытындысымен 146 нысанға өрт-техникалық тексеріс жұмыстары жүргізілді. Басқарма тарапынан жоспардың орындалуы 95,2% құрады. Азаматтық қорғау саласы бойынша: 2022 жылдың 9 айындағы оқу-жаттығулар мен жаттығуларды бақылау және өткізу жоспарына сәйкес: 1- Командалық штабтық оқу жаттығу, 6 Арнайы тактикалық оқу жаттығулар, 1 командалық штабтық жаттығу, 2 ұйымдардағы кешенді оқу-жаттығу, 8 өрт жағыдайындағы эвакуациялық жаттығулар, 23 сейсмикалық жаттығулар өткізілген.

Спикер. Қанат Қарабалаев — Түркістан облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы 2021 жылы улы газдан улану жағдайы бойынша 5 адам шығыны болса, Биыл келеңсіз оқиғалардың алдын алу, тұрақты түсіндірме жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2022 жылдың тоғыз айында келеңсіз жағдайлар тіркелмеген. Сонымен қатар басқарма тарапынан қала әкімінің«2022 жылғы жазғы шомылу маусымына арналған іс-шаралар жоспары» бекітіліп тиісті мекемелерге орындау ұсынылды. Қала көлемінде суға шомылуға тиым салынған 3 аймақ анықталды. Атап айтқанда: 1) ұзындығы 8 шақырымды құрайтын Арыс- Түркістан каналы 2) Тұңғыш Президент саябағы. 3) Карашық өзені.. Қазіргі таңда қала аумағындағы қауіпті учаскілер бойына 35 тақтайша орнатылған. Қаланың көрнекі жерлеріне қала тұрғындары мен қонақтарын ескерту мақсатында 3 дана баннер, . Үгіт-насихат және түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін 5000 дана жадынама парақшалары шығарылды. Радиоларда 15 рет ақпаратпен қамту. 5 рет БАҚ өкілдерімен брифинг өткізілді. 14 мақала әлеуметтік желілер арқылы жарияланған.