ГҮЛ ӨСІРУДІ ОТБАСЫЛЫҚ КӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРҒАН

0
56

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына сәйкес елімізде 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Түркістан облысы аумағында жұмысшы мамандықтарын меңгеріп, абыройға бөленіп, отбасының жағдайын жақсартып жүрген азаматтар көп. Сол сияқты қарапайым ғана кәсіптерді өмірінің өзегіне айналдырып, сол арқылы отбасының бюджетін толтырып, жайлы да жақсы тұрмыс кешушілер де көбейіп келеді. Ең бастысы, адалдықпен еңбек етіп табыс тапқан әркімнің де абыройлы болары сөзсіз.

Сарыағаш ауданында өз кәсібін адал еңбекпен дөңгелетіп, шаруасын ширатып жүрген еңбекқор азаматтар жетерлік. Солардың бірі – гүл өсірумен айналысып, 10 жылдан астам уақыттан бері осы кәсіптің тұтқасын ұстап келе жатқан Ерғали Мұсабаев.

Ерғали Мұсабаев Сарыағаш ауданына қарасты Мәдениет елді мекенінің тұрғыны. Бұл істі алғашында жұбайымен бірге үй гүлдерін өсірумен айналысып, қызығушылықтары мен іскерліктері артып, кәсібін кеңейтіп, дала гүлдерін өсіріп, оларды баптап, еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтуді жолға қойған. Алайда, гүл өсіруден түсетін табыс аса көп болмағандықтан, ерлі-зайыптылар бөлме гүлдеріне көшуге шешім қабылдайды. Осылайша, бүгінгі таңда олардың жылыжайында 10- ға тарта бөлме гүлінің түрінен 50 мың түп гүл өсіп тұр. Жыл он екі ай бойы өсіп, жайқалып тұратын гүлдердің ең көп көбейтін уақыты өыс мезгілі. Ерлі-зайыптылар қолдарынан шыққан самсаған бөлме гүлдерін алдағы Наурыз мейрамына дайындық ретінде өсіріп жатыр. Олар өз шаруасын әрі қарай дамыту, кәсібін кеңейту үшін голландиялық гүл түрлерін өсіруді мақсат етіп отыр.

Адал еңбек пен төзімділіктің арқасында өз кәсібін гүлдендірген Мұсабаевтар отбасылық кәсіптің үлгісін көрсетіп, өзгелерге жұмыспен қамту, қоғамның игілігі үшін еңбек ету жолында адалдық пен жауапкершіліктің маңыздылығын ұғындырып келеді.

Түркістан облысында ағын суды пайдаланушы ауыл шаруашылығы саласының кәсіпорындары, кәсіпкерлері көп. Ағын судың үнемдеп пайдалану арқылы табыс табу үшін субсидиялауды қажет етуші шаруалар да бар.

Шардара ауданы, Ұзыната ауылында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Н.Тұрашбековтың тапсырмасына сәйкес, аудандағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қолдау мақсатында ағын су құнын субсидиялау, су үнемдеу технологиясын ендіру, шаруалардың тікелей «Қазсушар» РМК мекемесімен келісім-шартқа отыру және тағы да басқа мәселелерді түсіндіріп, талқылау тұрғысында мәжіліс өтті.

Жиынға Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Е.Е.Құралбеков, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының бас инженері С.А.Тойтанов, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Н.М. Мамет, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Т.Әлімқұл сонымен қатар, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жауапты қызметкерлері, «Қазсушар» РМК ТФ Шардара өндірістік бөлімшесі өкілдері, ауыл округтері әкімдіктерінің салаға жауапты мамандары, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі төрағалары мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Н.М. Мамет ағынсу құнын субсидиялау, су үнемдеу технологиясын ендіру және басқада мәселелер бойынша қысқаша хабарлама жасады. Ол өз сөзінде дәстүрлі ағынсу құнының 40 пайызы, су үнемдеу технологиясы енгізілсе 85 пайыз көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілетінін және арнайы жеңілдіктер жайлы айтып өтті. Аталған хабарламаға қатысты Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Е.Е.Құралбеков ағын суға байланысты мемлекеттік қолдаулар, шаруалардың тікелей «Қазсушар» РМК мекемесімен келісім-шартқа отыру бойынша айтып, шаруалардың ұсыныстарын тыңдап, ортаға салды. Балық шаруашылығы дамытуға ағын су тарифінің өзге де шығындар есебінен 9 теңгеге қымбат болуы, су үнемдеу технологиясын ендіруге субсидия мәселесі, жекеменшік 8 канал бойында орналасқан шаруалардың «Қазсушар» РМК мекемесімен келісім-шартқа отыру мәселесі, қосымша штат бөлу мәселесі, коммуналдық меншіктегі каналдарды республикалық меншікке өткізуді тездетуді қолға алу бойынша шаруалардың ұсыныстары мен сұрақтарына облыстық басқарма және «Қазсушар» РМК басшылығы тарапынан жауап беріліп, толғандырған мәселелер талқыланды.