КӨГАЛДАНДЫРУ МЕН БАЛЫҚ ӨСІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ САРАЛАНДЫ

0
41

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев байтақ елімізде орманды-тоғайлы алқаптарды көбейтіп, қалалар мен елдімекендер аумағында «Жасыл белдеулер» құруды тапсырғаны белгілі. Өйткені, экологиялық ахуалды жақсарту, жасыл желектерді көбейту адамдардың денсаулығына, елдімекендердің ауасының тазаруына, жалпы сол өңірдегі экологиялық ахуалдың дұрысталуына ықпал етеді. Бұл тапсырманы жүзеге асыру жолында бүкіл еліміздің аймақтары сияқты Түркістан облысында да тұрақты түрде жұмыс жасалынып жатыр. Облыс аумағында арнаулы тұқымбақтарды аймақтың топырағына жерсініп өну мүмкіндігі мол ағаштардың көшеттері өсіріліп, тапсырыс бойынша жыл сайын қала, аудандарға берілуде. Облыс аумағында жыл сайын жүздеген мың көшеттер егілуде. Тиісті мекемелер оларды күтіп-баптап, суғару жұмыстарымен айналысады.
Сол сияқты облыста балық шаруашылығын дамытуды қарқынды жүргізуге, балық өсірумен айналысуға тілек білдірушілерге мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек пен қолдауларды көрсету арқылы олардың балық өсіруді меңгеріп, өнім алуына жағдай жасау бойынша да бірнеше жылдан бері жұмыс жасалынуда. Бүгінде қалалар мен аудандарда көптеген азаматтар арнайы су қойма, тоғандарда балық өсірумен айналысып, олардың алды айтарлықтай табыстарға да жете бастады. Ендігі жерде сол бастаманы бәсеңсітіп алмай, қарқынын арттыру түсуге жұмыс жасалуы қажет.
Түркістан облысында елді мекендерді көгалдандыру, балық шаруашылығын дамыту мәселелері облыс әкімдігінде сараланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшысы мен аудан-қала әкімдеріне осы бағыттағы жұмыстарды күшейту керектігін тапсырды.
– Мемлекет басшысының тапсырмасын сәйкес Түркістан қаласының айналасынан «Жасыл белдеу» құру жоспарланған болатын. Бұл тапсырманың маңызы зор. Облыста елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарын жандандыру керек. Ағаш отырғызуда кемшіліктер көп. Егілген ағаштардың сапасын қадағалау қажет. Аудан, қала әкімдері жұмыс істеп жатқан жоқ. Өңірге жерсінетін көшеттер егілуі тиіс. Елді мекендерді көгалдандыру бойынша нақты жұмыстарды атқаруды тапсырамын. Өзге елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, тұқымбақтарды дамыту қажет. Өңірде балық шаруашылығын дамыту бағытында семинарлар өткізуді қолға алыңыздар. Одан бөлек балық шаруашылығын дамытуға инвесторлар тарту жұмыстарын жаңғырту керек. Осы бағыт бойынша нақты жоспар мен ұсыныс беріңіздер, – деді Нұралхан Көшеров.
Мәжілісте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев баяндама жасады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауында 5 жыл көлемінде аудан, қалаларда 15 млн астам ағаш отырғызу тапсырмасына сәйкес, елді мекендерді көгалдандыруға 1,1 млн көшет егу жоспарланған. Аталған іс-шара аясында өңіріміздегі 852 елді мекеннің шамамен 90% көгалдандыру үшін, аймақтық жоспарды көлемді орындау мақсатында 4 миллионға жуық көшет егу жоспарланған болатын. Бүгінгі күнге, күз айындағы түгендеу жұмыстары бойынша отырғызылған көшеттердің орташа шығымдылығы 60-70 % құрайды. Өткен жылы жоспар бойынша елді мекендерді көгалдандыруға 1 миллионға жуық әртүрлі көшеттер босатылды. Биыл көшеттерді босатуда аудандардың климаттық ерекшелігі ескеріліп, жерсіндірілген жапырақты, қылқанды, жеміс ағаштары мен гүлді ағаш-бұта түрлерін отырғызуға басымдылық беріліп, жұмыстар атқарылатын болады.
Өңірде жалпы көлемі 343,5 гектарды құрайтын 24 орман тұқымбағы бар. 2027 жылға дейін питомниктердің сапасы мен санын ұлғайту арқылы 60 миллионға жеткізу көзделуде. Бүгінгі таңда тұқымбақтардың суғару жүйелерін толық іске қосу, минералды тыңайтқыштар қолдану, көшет түрлерін қосымша енгізу, жаңартылуда.
Одан бөлек, Түркістан облысы бойынша 2030 жылға дейін 10 жыл ішінде тауарлық балық өсіру көлемін 20,0 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда, облыста тауарлы балық өсірумен айналысатын шаруашылықтардың саны 231-ге жетті. Оның
160-ы облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясымен заңдастырылған.