ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫН САРАЛАДЫ

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қ.К. Тоқаев «Тағы бір маңызды міндет – тұрғын үй қорын басқару жүйесін жаппай реформалау. Қала құрылысын жоспарлаудан бастап, нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық үдерісті цифрлық форматқа толық көшіру қажет. Бірыңғай ақпарат жүйесін жыл соңына дейін әзірлеу керек.
Біз былтыр тұрғын үй құрылысы бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік (19 миллион шаршы метр). Бұл – өте жақсы. Бірақ тұрғын үйдің санына емес, сапасына және оның қолжетімді болуына баса назар аударған жөн» деп сапа мәселесіне мән беруді тапсырды.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев «тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында Сарыағаш қаласының аумағында салынып жатқан арендалық тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстарының барысын саралады.
Құрылыс нысанының басында болған аудан әкімі Арман Абдуллаев мердігер мекеме өкіліне тұрғын үйлер аудан тұрғындарының игілігі үшін салынып жатқандықтан берік әрі сапалы болуы қажеттігін ескертті. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ерғали Қосмұратовқа құрылыс барысын бақылауды күшейтуді тапсырды.
Айта кетсек, Сарыағаш қаласы аумағынан 27 арендалық тұрғын үйлерді пәтердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 4 және 5 көшелерде орналасқан 10 үйге газ құбырлары, магистраль газ құбырын қосу нүктесіне дейін тарту жұмыстары жүргізілген. Қалған үйлерге газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Арендалық 20 үйге электр бағаналары мен электр желілері тартылып, пәтерлерге кіргізілген. Одан бөлек, қалған пәтерлерге электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған тұрғын үйлердің көшелеріне тас төсеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта дайындық жұмыстары аяқталып, ауа райы қолайлы болғанда тас төсеу жұмыстары жүргізіледі.
Сол сияқты аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында орналасқан «Қабланбек» кеден бекетінің жұмыс барысын арнайы аралап көріп, танысты. Кеден бекетінің жұмысын аралау барысында Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы, полковник Асқар Болатов мән-жайын баяндады.
Қазақстан Республикасы тарапындағы «Қапланбек» және «Навои» Өзбекстан Республикасы тарапындағы өткізу пункттері екі тараптың келісімі бойынша жеке тұлғалардың жаяу жүруі, жеңіл автокөліктер мен автобустардың өтуі үшін ашылды. «Қапланбек» және «Навои» өткізу пункттерінде бір уақытта жаңғырту мен техникалық жабдықтау жұмыстары жүргізіліп, бүгін осы өткізу пункттерінің техникалық ашылуы жүргізілді.
«Қапланбек» өткізу пункті алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттар бойынша салынған, шекарадан өту кезінде мемлекеттік бақылау түрлерін жүзеге асыру кезінде қолданылатын ең озық технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Жеке тұлғалардың шекарадан ыңғайлы өтуі үшін барлық жағдайлар жасалған. Көлік ағыны қозғалысының барлық циклі автоматтандырылған. Өткізу қабілеті тәулігіне 20 мың жеке тұлғаға және 800 автокөлік құралына дейін ұлғайтылуы күтілуде.
Айта кетсек, іске қосу жұмыстарына байланысты 27 қаңтар мен 5 ақпан аралығында жеке тұлғалардың, жолаушылар көліктері мен автобустардың өтуі шектеулі мөлшерде жүзеге асырылады. 5 ақпаннан бастап өткізу пункті толығымен жұмыс істейтін болады. Одан әрі, екінші кезеңде, тараптар келіскеннен кейін осы өткізу пункттерінде жүк автокөлік құралдарын өткізу жүзеге асырылатын болады.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласын дамыту, көркейту жоспарына сәйкес қаланың орталық Ысмайылов көшесінің бойына жүргізіліп жатқан тазалық және абаттандыру бағытында А-15 республикалық маңызы бар көше бойына бұталы қоршау орнату жұмыстарына дайындық барысын арнайы аралап көріп, Сарыағаш қаласының әкімі А.Ешанқұлға тиісті тапсырмалар берді.
Сарыағаш қаласын дамыту, көркейту және абаттандыру жоспарына сәйкес бүгінде қаланың орталық көше бойына бей-берекет тасталған қоқыстардан, арық-атыздарды тазалау жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар, «Таза қала » КММ мекемесі тарапынан ағаш бұталарын ретке келтіру жұмыстары да атқарылды. Жалпы тазалық жұмыстарына 2 арнайы техника, 35 жұмысшы жұмылдырылды.
Сарыағаш қаласының сыртқы келбетін ретке келтіру, абаттандыру бағытында белсенді жұмыс жалғасуда, нақтырақ қалау аумағынан өтетін А-15 республикалық маңызы бар тас жолының жиегіне екі беткейінде жалпы ұзындығы 5 шақырым аумаққа бұталы шарбақ орнату үшін жер бетін қазу жұмыстары жүргізілуде. Аталған абаттандыру жұмыстарына 12 жұмысшы мен 1 техника жұмылдырылған.
Сонымен бірге аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне ауданына арнайы барып, Береке елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудан прокурорының орынбасары Асылбек Тұршеков, ауылдық округ әкімі М. Турсункуловтар қатысты. Жиын барысында тұрғын үйлердің құжаттарын заңдастыру мәселелері талқыланып,ашық форматта пікір алмасты. Сала басшылары тұрғындар тарапынан айтылған сұрақтарға заң аясында жеке-жеке жауап берді. Тұрғын үйлердің құжаттарын заңдастыру бойынша алгоритм құрылған, бүгінгі таңда аталған алгоритм бойынша заң аясында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып өтті.
Құркелес ауылдық округі бойынша құжаты жоқ тұрғын үйлердің орналасқан жер учаскесін рәсімдеу бойынша 2023 жылғы 7 сәуірде өткен мекемеаралық жиналыстың шешімімен бекітілген қадамдық жоспарға сәйкес, үйдің фотосуреттері, жер учаскесінің келісілген схемасы, көршілерден жазбаша түсініктері және арнайы жинақ папкасы жасалған. Бүгінде, қадамдық жоспарға сәйкес жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі аталған жұмыстардың мерзімі мен сапасына мән беріп, шұғыл жұмыстарды жүргізуді ауылдық округ әкімі М. Турсункуловқа және жүйелі түрде қадағалауды салаға жауапты орынбасары Н.Талиповке жүктеді.