Кәдесый жасайтын алтынқолды шебер

0
93

 

 

Тайқазан Туындыларымен талайларды таңқалдырған шеберлер Түркістан облысында жетерлік. Он саусағынан өнері тамған шеберлер де жетерлік. Бүкіл түркі жұртының рухани орталығы саналатын Түркістандай қасиетті топырақта туған таланттардың алтын қолынан шыққан небір жауһар дүниелер расында көп. Солардың бірі — Түркістанда тұратын қолөнер шебері Насыр Хамракулов көрсең көз тоймастай кәдесыйлар жасайды. 40 жылдан бері осы кәсіппен айналысып келееді. Қасиетті мекенге қадам басқандардың дені шетелдік туристер еліне Қазақстанның оның ішінде Түркістаннан естелік кәдесый сатып алып кетеді. Олардың дені Түркістандағы Ясауи кесенесі мен тайқазанның кіші макетін көбірек сатып алады екен. Сондықтан да шебердің әрбір туындысына деген сұраныс мол. Алтын қолды шебердің әрбір туындысында Түркістанның тарихи орындары мен Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің, Тайқазанның түрлі өлшемде кішірейтілген үлгісі бейнеленген.  Ұлттық өнерді ұлықтаған шебер Тәуелсіздіктің 32 жылы елімізде тұратын барлық этностардың дамуына үлкен мүмкіндік бергенін айтады. «Біздің этнос өкілдері Қазақстанда көптеген жылдар бойы өмір сүріп келеді. Олар Тәуелсіз Қазақстанның серпінді даму жолында айтарлықтай үлестерін қосып жүр. Мен де қолөнерді кәсіп еткеніме талай жыл болды. Әсіресе Қожа Ахмет Иассауи кесенесі мен «Тайқазанға» сұраныс көп. Арнайы патентім де бар. Осы уақытқа дейін 11 мемлекеттің басшылары мен музейлеріме «Тайқазаным» сыйлыққа берілді. Бұл мен үшін – қуаныш, мақтаныш», – дейді шебер. Ол әрбір туындысын асқан ыждағаттылықпен әрі сүйіспеншілікпен жасайды. Сондықтан да оның әрбір кәдесыйының жерде қалған кезі жоқ. Сатылымға шыққан сәттен-ақ сатылып кетеді. Сондықтан да алдағы уақытта сатылым шеңберін кеңейтуді жоспарлап отыр. Әрі өзінің ізін басатын шәкірт тәрбиелеу де жоспарында бар. Бағасы да анау айтқандай қымбат емес. Кішкентай «Тайқазан» 20 мың теңгеден басталып, көлеміне қарай 5 млн. теңгеге дейін барады. «Әрбір жасаған дүниемде қасиетті Түркістанды бейнелеймін. Түркістан жыл өткен сайын жаңарып, гүлденіп келеді. Біз бала кезімізде кесененің айналасы қараусыз жататын. Қазір реттеліп қалды. Келушілер де көп», – дейді шебер. Асқан шеберлікпен жасалған әсем дүниенің құны да жоғары болуы керек әрине. Шебердің қолынан шыққан әрбір дүние қамшы салдырмайтындай әсем ақ.

Алдағы уақытқа шебердің жоспарлары көп.