ПАТРИОТТЫҚ, РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУГЕ АРНАЛДЫ

Полиция қызметкері халықтың өкілі болып саналатындықтан ол адамдармен қарым-қатынасында мен азаматтарды қорғауда адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген болуы тиіс. Сонда оған деген жұртшылықтың сенімі артып, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауда құқық қорғаушылар мен халық бірлікте болады. Ал, қылмысты құрықтауда және оның алдын алуда полиция қызметкері кәсіби маман және қылмыс жасаушыдан бір қадам алда болуы қажет.
Түркістан облысында осы бағыттағы жұмыстар үздіксіз жүргізіліп отырады. Полиция департаментінде құқық бұзушылықтың алдын алу мен патриотизмге тәрбиелеу бойынша дәрістер өтті
Түркістан облысының полиция департаментінде аппараттың жеке құрамына сабақ ұйымдастырылды. Онда Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері адам саудасына қарсы іс-қимыл тақырыбында дәріс өткізді.
Адам саудасы-қазіргі қоғамның өзекті әлеуметтік мәселелерінің бірі және тәртіп сақшылары қылмысқа қарсы күресте бір қадам алда болуы тиіс. Дәріс барысында аталмыш қылмыстарды анықтау мен тергеудің өзекті әдістері талқыланды. Бұл полицияның осы бағыттағы іс-қимылдарының тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Сондай-ақ сабақ кезінде полиция қызметкерлеріне патриоттық сезім, мәдени және рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеудің маңыздылығы атап өтілді. Қатысушыларға Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Шерхан Мұртазаның өмір жолы туралы бейнефильм көрсетілді. Оның шығармашылығы жас ұрпақты шабыттандырады және үлгі болады.
Полицейлер атап өткендей, оқыту мен патриоттық тәрбиенің бұл үйлесімі кадр құрамын қалыптастыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және полицияға деген сенімді нығайтуға маңызды қадам болып табылады.
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында интернет-алаяқтыққа қарсы күресті күшейтіп, жаңа тәсілдер мен технологиялар ды меңгеру керектігін айтқан болатын. Соған орай Түркістан облысының полиция департаментінде интернет-алаяқтық қылмыстарын ашу және тергеу, киберқылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыру, жедел уәкілдер мен тергеушілердің жұмысын жақсарту мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.
Семинарға Шымкент қаласы Адвокаттар алқасының заңгері Алмас Сәрсенбек, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Шәкім, Түркістан қаласы ПБ киберқылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы Жақай Жамбыл, қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінің тергеушілері мен жедел уәкілдері қатысты.
Жиын барысында ҚР Азаматтық кодексінің 953 бабы негізсіз байлықты қайтарудың негіздеріне ерекше назар аударылды. Сондай ақ интернет-алаяқтық қылмысын тергеу алгоритмдері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша киберкеңістікте азаматтарды сенімді қорғауды қамтамасыз ету және полицейлер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында тергеудің жаңа тәсілдері талқыланды.
Есірткі мен нашақорлыққа қарсы күрес қоғамдық тұрақтылықты сақтаумен қатар азаматтардың тағдырын қорғауға арналады. ІІМ есірткіге қарсы іс-қимылда маңызды қадам жасады. Алғаш рет ведомство жанынан Есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы бойынша кеңес құрылды. Бұл азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен есірткіге тәуелділіктің алдын алып, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейтуге, осы бағытта жұртшылықтың білімін шыңдап, құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған
«Есірткіге жол жоқ!»: Полиция мен студенттер нашақорлықтың алдын алу мәселесімен бас қосты. Профилактика жылы полиция 1 айда 6000-ға жуық жасқа дәріс өткізді.