КРИМИНАЛИСТИКАНЫҢ — ЖАС САҚШЫЛАРҒА БЕРЕР ТӘЛІМІ МОЛ

Мемлекет басшысының жас ұрпаққа жан-жақты көңіл бөліп, жаман әдеттер мен теріс қылықтардан қорғау бойынша жұмыс жүргізілуінің маңыздылығын айтқаны белгілі. Соған орай Түркістан облысында балаларды қылмыстық жолдан сақтандырып, тағдырын бұзатын теріс қылықтардан қорғау үшін құқықтық сауаттылығын ашып, қылмыстық жол мен заңсыздықтардың тағдырларына тигізер кеслін түсіндіру бағытында арнаулы шаралар жүзеге асырылады. Құқық қорғаушылр жасөсіпірмдер мен балалардың білім алатын мекемелеріне жоспарға сай барып көптеген тақырыптық шаралар ұйымдастырады.
Жетісай аудандық полиция бөлімінің Жедел-криминалистикалық тобының аға криминалисі Абылай Төлбасиев №1 М.Горький атындағы мектеп гимназиясында жас сақшыларға кезекті сабағын өткізді.
Сабақта криминалист Абылай қылмысты қалай ізін суытпай ашудағы бірден-бір маңызды іс, оқиға орнынан қылмыскерлердің қол-саусақ іздері екені жайлы айтып, қылмыс болған жерден қылмыскерді анықтап, оларды ұстау үшін, оқиға орнынан алынатын қол іздерінің маңызы туралы мәлімдеп, жас сақшыларымыздың бұл салаға деген қызығушылықтарын оята білді.
Ал психолог Дина Аубакирова жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық, буллинг, лудоманияның алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ профилактикалық жұмыстар мен зорлық зомбылықты, жолда жүру ережелері мен сабақтан кейін кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің рұқсат етілмеген жерлерге бармауы туралы, түнгі сағат 22:00 ден кейін көшеде жүруге болмайтындығын түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар оқушыларға қазіргі кезде белең алған мопед, электроскутерді басқаруға болмайтындығын және оған қарастырылған заң аясындағы жауапкершіліктер бар екенін де түсіндірді.
Ал, «Болашақ» жоғары көпсалалы колледжінде Түркістан облысы Полиция департаменті Жастар ресурстық орталығы мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Есірткіге жол жоқ!» шарасы өтті.
Маңызды жиынға оқу орнының 200-ден астам оқушысы мен оқытушылары қатысты. Аға жедел уәкіл, полиция майоры Марат Бимаханов студенттермен сұхбаттасып, есірткінің қауіптілігі мен зияны, олардың адам ағзасына әсері, сондай-ақ есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың салдары туралы айтып берді.
Одан бөлек жастарға нашақорлықтың алдын алу және қоғамның өзекті мәселесіне айналған синтетикалық есірткі туралы бейнеролик көрсетілді. Осылайша іс-шара ұйымдастырушылары жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен шұғылдануға шақырды.
Жастардың шынайы қызығушылығын тудырған кездесу соңында оқушылар тақырыпқа сай сұрақтар қойып, мамандардан егжей-тегжейлі жауаптар алды, пікірлерімен бөлісті.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы балалардың зерттеу дағдыларын дамыту және мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында осы жылдың 28-30 қаңтар күндері Щучинск қаласындағы «Балдаурен» республикалық оқу сауықтыру орталығында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша ХХ «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсы өткізді.
Республикалық конкурстың қорытынды кезеңіне Түркістан облысынан 5 секциядан 13 оқушы қатысып, жеңімпаздармен жүлдегерлер қатарынан көрінді.
III орын — Ретбай Думан, Жетісай ауданы, математика, қолданбалы математика секциясы;
II орын — Сайлаухан Айбар, Төлеби ауданы, физика, космос секциясы;
III орын — Қаныбек Дінмұхаммед, Ордабасы ауданы, Туризм және спорт секциясы;
III орын — Ербол Нұрғасыр, Түркістан қаласы, химия, биология секциясы;
II орын — Жаңабай Азима, Түркістан қаласы, информатика, робототехника, Stem инженерия;
II орын — Бурибай Бибарыс, Түлкібас ауданы, математика, қолданбалы математика секциясы;
I орын — Тұрсымбай Бақдаулет, Әділхан Айлы, Түркістан қаласы, физика, космос секциясы;
III орын — Әбубәкір Кәусар, Ордабасы ауданы, Туризм және спорт секциясы;
III орын — Тоқтарбай Нұртас, Увайдулла Аслан, Төлеби ауданы, химия, биология секциясы.
Республикалық додада жеңімпаз және жүлдегерлер атанған бұл оқушылар алдаға кезде білім нәрінен сусындап, ізденістерін жалғастыра отырып еліміздің білімдер азаматтары болып өсуіне мүмкіндіктері мол. Ал Жаңа Қазақстан мемлекетінің қарқынды дамып, болашағы жарқын, бәсекеге қабілетті мемлекет болуы үшін осындай тәлімді де білімді ұрпақтар өсіп, жетілуі қажет.